2022 жыл, 5 қазан күні 59 орта мектепті бітіруші 11-сынып оқушыларынан сынама тест алынды. Биылғы оқу жылындағы ерекшелік информатика пәнінің ҰБТ- ға енгізілуі болса, пән бойынша сұрақ тапсырмалары бар кітапша да оқушы қолына жетті. Білім грантына барар баспалдақ ҰБТ арқылы өтетіні белгілі. Бұл орайда 9 ай бойғы тыңғылықты жұмыс қана жоғары нәтиже берері сөзсіз. Балаларға зор талап, үлкен жауапкершілік және сәттілік тілейміз
Мамандық – қалыптасып келе жатқан тұлғаның болашағының айнасы. Өз ісінің білікті маманы болу үшін, әр жеткіншек өзіне лайықты мамандықты таңдауы керек. Сонда ғана болашағы айқын болмақ. Жүсіпбек Аймауытов: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді. Осы орайда, мектебімізде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған «Мамандық таңдап үлгердіңіз бе? » тақырыбында 9 «а» сынып жетекшісі Ж.Жолмырзаева ата – аналар жиналысын өткізді. Жиналыстың мақсаты: Жеке тұлғаның тиімді мамандық таңдауда мұғалімдермен қатар ата-ананың да рөлі өте маңызды екенін, бала жанының қалауы мен сауатты таңдаудың оқушының болашағына жасалған теңдессіз жарқын қадам екеніне түсініктеме беру. Жиналыс барысында директордың бейіндік оқу ісі жөніндегі орынбасары Балагүл Қарсақбайқызы ата-аналарға «Кәсіп таңдау-тек қана болашаққа үңілу емес, баланың ішкі жан дүниесіне үңілу...» .Бірге отырып таңдау жасалған кәсіптің «пайдалы» және «пайдасыз» жақтарын, «не қалаймын?», «не істей аламын?», « не керек?» деген сияқты көкейтесті мәселелі сұрақтардың шешілу жолдарына бағыт-бағдар берді. Жиналыс соңында ата-аналардан сауалнамалар алынып, ата – аналардың өз тәжірибесіндегі мамандық таңдаудағы жеке көзқарастары мен пікірлерін де ортаға салды.